Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты. Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында ...
Читать далее »Месячные архивы: Декабрь 2024
Қазақстан дінаралық және конфессияаралық татулықтың ұйытқысы
Қазақстан Республикасында дінаралық және этносаралық келісімдер, мемлекеттік тұтастық және демократиялық жаңару жолында оның алға басуының қажетті шарттарының бірі болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткендей, «ұлтаралық және дінаралық келісімдердегі біздің үлгі – бұл Қазақстанның әртүрлі конфессиялардың жалпы әлемдік үдірісте өзара әрекеттесуінің нақты салымы». Бейбіт өмір сүру өкілдерінің әртүрлі ұлтаралық және діни топтары көбіне мемлекеттік саясатқа байланысты және осыған орай осындай тәжірибеге ...
Читать далее »Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру
Шынайы дін адамзатқа тура жол нұсқаушы ретінде азаматты адамгершілік тұрғыда тәрбиелейді, отансүйгіштікке баулиды, өшпенділік пен басқыншылықты былай қойғанда, адамдарды теріс іс-әрекеттен бойын аулақ ұстауға шақырады. Дін қоғамда өзінің сындарлы рөлін атқаруы тиіс, келіспеушіліктердің алдын алуға көмектесіп, қарама-қайшылықтарға жол бермеуі қажет. Зайырлы білім де, діни білім де адамды тәрбиелеп қана қоймай, оны дұрыс жолға бағыттап, оның ойдан шығарылған бұрмалаушылық нанымдардан айығуына ...
Читать далее »Арыста «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы басталды!
Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, 2024 жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы басталды. Акцияның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының, оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау болып табылады. Осыған байланысты зорлық-зомбылық жағдайлары орын алса немесе өзге де құқық бұзушылықтарға ...
Читать далее »Діни экстремизм мен терроризмді насихаттауға жол бермеу
Деструктивті діни ағымдардың радикалды ниеттері туралы сөз болғанда бірінші кезекте Ислам діні мен экстремизм ұғымдары пайда болады. Алайда, ол дұрыс емес. Ислам діні ешқандай экстремизмге де, терроризмге де қатысы жоқ. Экстремизм – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қорқынышы. Қазіргі таңда ғылыми және технология дамуының шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы уақытта діни экстремизм тақырыптары бұқаралық ақпарат ...
Читать далее »Қоғамдағы дәстүрлі моральдық-адамгершілік құндылықтар
Күллі әлем бүгінде бейбітшілікке ұмтылуда. Бірінші кезекте соның дәлелі ретінде біздің елімізді айтуға болады. Кез келген қоғамда, соның ішінде қазақстандық қоғамда діннің маңызы ерекше екенін және жастар өмірінде оның белгілі орны бар екенін ескерген жөн. Қазақстанда теріс діни ағымдар жоқ емес. Қоғам мейірімділік пен татулық, моралдық нормаларына жауап беретін дұрыс бағыттағы діни ағымдарды танып, айыра білуіне ықпалды жұмыстарды күшейтуіміз керек. ...
Читать далее »Дәстүрлі Ислам діні қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі
Дін ұстанатын адам ұстамды, сабырлы, салиқалы болады десек, оның түбі мәдениеттілік ұғымы жатады. Адамзат баласы дінге мойынұсынып, Жаратушы жіберген киелі кітаптардағы көрсетілген жолмен жүруге бағытталса, әсте қиянатқа бармасы анық. Ал, оның соңында жоғары мәдениеттіліктің ізі қалыптасады. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгерді. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына терең өзгерістер енгізіп отырды. ...
Читать далее »Деструктивті діни ағымдардың радикалды ниеттері
«Хизб-ут-Тахрир»-халықаралық экстремистік саяси-діни ұйым. Ұйым Сирияда пайда болды делінеді. «Хизб-ут-Тахрир»-Исламның азаттық партиясы (мұсылман бауырлар) ағымынан бөлінген ұйым. Ол палестиналық Тақиюддин Набхани деген адамның басшылығымен 1953 жылы Сирияда алғаш рет пайда болса да, бүгінде ол елде заңды түрде тыйым салынған ұйымдар қатарында. Этникалық және конфессиялық төзімсіздікті таныта отырып, дiни араздықты тұтататын «Хизб-ут-Тахрир» партиясы әлемнің 40 елінде таралған және көп елде тыйым ...
Читать далее »Құқықтық ағарту – адам мүддесін қорғаудың кілті
Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғау саласының өкілдерімен кездескенде: «Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық қорғау институттарының жұмысы туралы ақпараттандыру мәселесін арттыру қажет. Қазіргі жағдайда құқықтық насихат пен азаматтарды құқықтық тұрғыда тәрбиелеудің маңызы арта түсті. Бұл іске сарапшыларды тарта отырып, барлық құқық қорғау институттарының әлеуетін жұмылдыру қажет. Сіздер үнемі қоғамдағы маңызды мәселелерді көтерулеріңіз керек. Көп жағдайда әлеуметтік шиеленіс пен масылдыққа құқықтық ...
Читать далее »Діни экстремизм идеологтары
Қазіргі әлемде күдікті жаңа діни бағытты насихаттайтын діни ағымдар жоқ деп айта алмаймыз. Діни экстрмизмнің жіктері мен идеологиясын білгеніміз дұрыс. Діни экстремизм – мемлекеттік құрылымды өзгертуге бағытталған әрекет, мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзу. Саяси мақсаттардың соңына түсу – діни экстремизмнен діни-саяси экстремизмді ажыратуға мүмкіндік береді. Діни-саяси экстремизм — діни жорамал, не ұрандармен көмкерілетін немесе тасаланатын саяси әрекеттің заңға қарсы ...
Читать далее »