Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2024 (страница 192)

Годовые архивы: 2024

Ескі төлқұжатымен жүрген ер адам 57 жасында жеке куәлігін алды

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан облыс аумағында қылмыстың алдын алу, қылмысты болдырмау және қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жүргізілуде. Ескі төлқұжатымен жүрген ер адам 57 жасында жеке куәлігін алды. Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе куәландыру бойынша 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүрген тұлғаларды анықтап, құжаттандыру мақсатында Сауран ауданының полицейлері қызыл куәлікпен жүрген тұрғынды анықтап, құжат алуына қажетті көмектер көрсетті. ...

Читать далее »

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының дін істері басқармасы мен Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету», «Діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алу» тақырыптарында Қызылқия ауыл округіндегі Б.Момышұлы, С.Сейфуллин, Ынталы және Қызылсеңгір жалпы білім беретін мектептерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің негізгі мақсаты тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар екендігін жастарға толық түсіндіру. ...

Читать далее »

«ШЕТЕЛДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛУДЫҢ ҚАУПІЛІГІ ТУРАЛЫ» ЖӘНЕ «ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ТАҚЫРЫПТАРЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Абуовтың, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Дүйсеннің және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Н.Рыстайдың қатысуымен С.Сейфуллин, Арыс және С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Шетелде діни білім алудың қауіптілігі» және «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыптарында жиын өтті. Кездесудің мақсаты жастарға ...

Читать далее »

Егде жастағы қос тұрғынға алғашқы жеке куәлік табысталды

Түркістан облыстық полиция қызметкерлері тарапынан қылмысқа қарсы, қылмыстың алдын алу және болдырмау іс-қимыл шаралары жүргізілуде. Арыс ауданының полициясына осы күнге дейін жеке куәлігі болмаған 74 және 63 жастағы тұрғындар келіп, өтініш жазды. Ауданның қос тұрғыны да бұрынғы Кеңес одағының қызыл куәлігімен жүрген. Олар мал шаруашылығымен айналысып, Қазақстан Республикасы азаматы ретінде жеке куәлігін растайтын құжатты алуды қажетсінбеген. Арызды қабылдаған соң сақшылар ...

Читать далее »

Ordabasy: аға прокурор кәсіпкерлермен кездесті

Түркістан облысы прокуратурасының аға прокуроры Серік Ізтілеуов жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Басқосуға аудан әкімдігі және ауданның құзырлы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері де қатысты. Кездесу барысында кәсіпкерлердің уәждері тыңдалып, олар бойынша құқықтық түсіндірмелер берілді. Кездесуде аудан прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстары да баяндалды. Жиын соңында аға прокурор кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтып, аталған бағытта ...

Читать далее »

Мопед жүргізушілеріне қандай талаптар бар?

Күнделікті күнкөріс қамымен қайтсем нанымды тауып жеймін деп тыраштанған халық жасынан жасамысына дейін таңның атысы, күннің бастысы қара жолда шапқылап жүр. Ал сол жолда жаяу жүргіншімен қатар, автомобильдердің түр-түрі күндіз-түні сабылып жатады. Ағылған көлік арасына кейбірі мақтан үшін, кейбірі кәсібінің нәсібін табу үшін, енді бірі күнделікті шай-суын ажырату үшін, тіпті кептелістен қажығандар жұмысқа бару үшін де скутер, мопед, велосипед, самокат ...

Читать далее »

Комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мәселелер қаралды

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде: аудан аумағындағы балабақша мекемелерінің кәмелетке толмаған балаларын автокөлікпен тасымалдануы туралы; Комиссияға келіп түскен кәмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылық әрекеттері туралы іс-материалдары; Комиссияға келіп түскен кәмелетке толмаған балаларын мектепке себепсіз жібермейтін ата-аналар туралы іс-материалдар; аудан көлемінде кәмелетке ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Еліміздің үшінші мегаполисінде Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта атап өтті. Бұл күні Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасының аумағы «Отан қорғаушы» мамандығы бойынша қызмет еткен, қызмет ететін немесе алдағы уақытта қызмет ететін барлық адамдардың бас қосу орнына айналды. 7 мамырда 35748 әскери бөлімінде погон таққан барлық адамдардың кәсіби мерекесіне арналған «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараға Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен ...

Читать далее »

ҰЛАНДЫҚТАР ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ МЕН ЖЕҢІС КҮНІН АТАП ӨТТІ

Бүгін қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтуде. Дәл осы күні, 1992 жылы 7 мамырда еліміздің тұрақтылығы мен аумақтық тұтастығының, әскери қауіпсіздігінің кепілі болған Ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойылды Осы орайда, Шымкент қаласының 6506 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Биылғы Отан қорғаушылар күні мерекесі – Ұлы Отан соғысының батыры, алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы тұлғалардың құрметіне отаншылдықты, ерлікті дәріптейтін іс-шаралар өтуде. Бүгін Түркістанда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған шара өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, әскерилерді құттықтады. – Ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының ...

Читать далее »