Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2025 (страница 29)

Годовые архивы: 2025

ЫЛҒАЛДЫ КӨП ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ДАҚЫЛДАРДЫ ЕГУ ЛИМИТТЕРІ ҚАЙТА ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысында егінге қажетті суды тиімді бөлу мақсатында вегетация кезеңіндегі күтілетін су көлемі ескеріліп, ылғалсүйгіш дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Түркістанда өткен 2026 жылғы вегетация кезеңіне дайындыққа арналған кеңесте талқыланды. Жиынға Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Ауыл шаруашылығы министрі ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Төлеби ауданында ҚР «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» мерекесіне орай дәстүрлі «Алтын күз – 2025» мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін ұлықтауға арналған салтанатты жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қайратұлы арнайы қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. Шара барысында ауыл шаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ МЕН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА КӨШБАСШЫ ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА

Түркістан облысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен келіп, алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру және «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы бойынша мәжіліс өткізді. Жиында су ресурстарын тиімді пайдалану, агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Jetpisbai.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Вице-премьер өз сөзінде су тапшылығының әлеуметтік-экономикалық ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ТЕРЕҢ ӨҢДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІРІ ЖОБАЛАРДЫҢ АУҚЫМЫН КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті іссапармен келіп, өңірдегі агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Сапар аясында сенаторлар «SPK Turkistan» өндірістік паркі мен «Түркістан» индустриялды аймағында жүзеге асырылып жатқан жобаларды аралады, деп хабарлайды Jetpisbai.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Делегация мүшелері көкөніс сақтау қоймасының қызметімен, «BNK GROUP» ЖШС-нің ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: РЕСМИ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында бас редактор, Созақ ауданының «Құрметті азаматы», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Қаршығабек Қамбарбек дайындаған «Аңыз бен Ақиқат» және «Жаңғырық» журналдарының ресми таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Маңызды мәдени-рухани шара қос басылымның мазмұны мен маңызын кеңінен таныстыруға арналды. Аталған шараның мақсаты – журналдардың құрылымы мен мазмұнын көпшілікке таныстыра отырып, олардың ұлттық руханиятқа қосатын ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «АҚПАРАҚ МЕНІҢ МАЙДАНЫМ» ТАНЫМДЫҚ АШЫҚ САБАҒЫ

Кітапхананың ұйымдастыруымен «Ақпарақ менің майданым» атты кітапханалық танымдық ашық сабақ өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл тағылымды шара көрнекті журналист, қаламгер Төрекелді Байтасовтың туғанына 70 жыл толуына арналды. Ашық сабақтың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қаламгердің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақпарат пен сөздің құдіретін ұғындыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу болды. Сабаққа арнайы қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Журналистер одағының, Түркі әлемі ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЕҢБЕК ЕРІНІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫН КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТТІ

Арыс қаласында ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор үлес қосқан, ел құрметіне бөленген еңбек майталманы Боранбек Шүкірбекұлы Шүкірбековтің 95 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Іс-шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараав, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс, қала ардагерлері, жастар, сондай-ақ Еңбек Ерінің ұрпақтары қатысты. Бұл тағылымды басқосу еңбек адамына деген зор ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймағында «ER-QAN GROUP» ЖШС-нің орамдағы полиэтилен пакеттері мен желім (пластик) ыдыстарын шығаратын зауыт іске қосылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Кәсіпорынның ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, нысанды аралап көрді. Өңірде өндіріс саласын қарқынды дамыту жолында тынбай жұмыс істеп жатқан азаматтарға алғысын жеткізіп, экспорт көлемін ұлғайту жөнінде пікір алмасты. – Бүгін Түркістан облысының экономикалық ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістанда балаларға арналған қалалық оңалту орталығының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Маңызды нысанның ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, орталықтың ашылуына атсалысқандарға алғыс білдірді. Сондай-ақ осындай игі жобалардың жүзеге асуы – қоғамның бірлесіп атқарған жұмысының жемісі екенін атап өтті. – Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқығын қорғау, оларға қолайлы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: УАҚЫТША ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Түркістан қаласында орталықтандырылған сарқынды су жүйесіне қосу бағытындағы инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылып келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Инженерлік желілерді қайта жаңғырту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында биыл Түркістан қаласында жалпы 13 нысанда құрылыс жұмыстары басталып, оның 8-і абоненттік және магистральдық желілерге қосылса, 5 жобада магистральдық желілерді тарту жұмыстары жүзеге асуда. Сауран, Шауғар, Яссы секторларында, сондай-ақ Отырар және ...

Читать далее »