Түркістан облысында Қарашық өзенінің маңында жалпы аумағы 50 гектарды құрайтын «Түркістан» экопаркінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылуда. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров экопарк аумағына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Өңір басшысы жауаптылармен бірге жобаны жан-жақты пысықтап, құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударуды тапсырды. Бұл ...
Читать далее »Месячные архивы: Апрель 2026
ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешенін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды халықаралық жоба – «Ecoculture-Eurasia» іске асырылуда. Келес ауданы аумағында салынып жатқан заманауи жылыжай кешені Қазақстандағы ғана емес, Еуропадағы ең ірі жабық агроөндірістік нысандардың біріне айналмақ. Ауқымды мега-жоба өңірдің ғана емес, тұтас елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, ауыл шаруашылығын индустрияландыруға және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама саналады. Жобаның негізгі бағыты – экологиялық ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТШІЛЕР ӨСКЕМЕНДЕ ӨТКЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ
Түркістан облысының ауыр атлетикадан құрама командасы Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты. Жеке жаттығулар бойынша 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР жеке-командалық чемпионатында Түркістан өңірінен қатысқан бірқатар спортшылар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, 79 келі салмақ дәрежесінде Ирсали Нұрмұхаммед жүлделі II орынға ие болды. Ол жұлқа көтеруден 128 келі, серпе көтеруден 153 келіні бағындырып, жалпы нәтижеде ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ШАРАДАРАДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА 6 МЫҢНАН АСА ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде бұрын-соңды болмаған ауқымды сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, даңқты спортшылар, ауданға қарасты «Қазтелеком», «Қазпошта», аурухана, ГЭС, СЭС, РЭС, ПЭС, «ҚазТрансГаз», «Халық банк» ұжымдары және 10 ауыл округінен жалпы саны 6000-нан астам тұрғын белсене қатысты. Сенбілік барысында 1000 түп көшет егіліп, облыстық маңызы бар 147 шақырым тас жол бойы, қала ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Жасыл болашақ» іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, қала аумағын көркейту жұмыстарына белсене атсалысты. Сонымен қатар сенбілікке қала тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері, ақсақалдар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары, мәслихат депутаттары және түрлі сала мамандары қатысты. Тазалық шарасына 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сенбілік жұмыстары қала кіреберісі ...
Читать далее »ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 1 000 ТҮП АҒАШ ЕГІЛІП, АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІККЕ 10000 АДАМ ҚАТЫСТЫ
Қазығұрт ауданында халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға және елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Аталмыш экологиялық іс-шараға аудан тұрғындары белсенді қатысып, жалпы саны 10 000 адам жұмылдырылды. Акция барысында Қазығұрт ауыл округіндегі «Орталық саябақта» және Сарапхана ауыл округіндегі «Мәңгілік Ел» саябағында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жоғары ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының алғашқы түлектеріне арналған салтанатты куәлік табыстау рәсімі өтті. Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, түлектерге жылы лебізін білдірді. Салтанатты жиында Бас мүфти сөз сөйлеп, имамдардың білімін жетілдіру – қоғамдағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы екенін атап ...
Читать далее »Түркістандық тәжірибелі Ольга Шмелёва Олимпиадаға рейтингтік Азия чемпионатында алтын, күміс медаль жеңіп алды
Қытайдың Хэфэй қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы 5 медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Байдаркамен 200 метрге жарыста отандасымыз Ольга Шмелёва жеңімпаз атанды. Осыдан кейін Татьяна Токарницкая екеуі (Қазақстан құрамасы) 500 метрге жарыста күміс жүлдеге ие болды. «Былтыр кеткен есемді қайтардым. ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ТАРИХТА ЕСІМІ ҚАЛҒАН АНАЛАР ДӘРІПТЕЛДІ
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық әкімдіктің және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі мен орны» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, алғы сөз сөйледі. Сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау лебізін білдірді. Шараның басты мақсаты – қазақ тарихында ерекше орын алған ...
Читать далее »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА 1000 ТҮП АҒАШ ЕГІЛІП, ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында көктемгі көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді. Аталған шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес іске асырылуда. Іс-шара барысында республикалық маңызы бар А-15 автожолы бойындағы, болашақта жасыл желек саябаққа айналдыру жоспарланған 4 гектар аумаққа 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл игі бастамаға аудан әкімі Арман Абдуллаев, әкімдік қызметкерлері, жастар мен ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары