Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2024 (страница 56)

Годовые архивы: 2024

ҚАЛА ӘКІМІ : ӘР ӘКІМ ӨЗ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙДАН ХАБАРДАР БОЛЫП ОТЫРУЫ КЕРЕК

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжіліс өтті. Онда коммуналдық қалдықтарды басқарудағы өзекті мәселелер, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының қорытындысы мен санитариялық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар тақырып аясында баяндама жасап, коммуналдық қалдықтарды басқарудағы өзекті мәселелерге тоқталды. Қала басшысы жауаптыларға шетелдік компаниялардың тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытын салу ұсыныстары бойынша ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОТБАСЫ КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде отбасы күні мерекесі ретінде тойланады. Оның басты мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту, дәріптеу, отбасынан бастау алатын адамгершілік, қайырымдылық, үлгенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты адам жанының асыл қасиеттерін ұрпаққа насихаттау. Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінде мерекеге байланысты әскери қызметшілердің отбасына арнайы мәдени-демалыс шарасы ұйымдастырылды. Мәдени-демалыс шарасы табиғаттың ортасында Шымқаладағы Дендросаябағында өтті. Жауынгерлеріміздің ...

Читать далее »

БАСҚАРМАНЫҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов төрағалық еткен жиында басқарманың жеті айлық есебі, жұқпалы аурушаңдықтың эпидемиологиялық ахуалы және профилкатикалық егумен қамту туралы мен медициналық сақтандыру және онкологиялық көмектің есебі тыңдалды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нурлыбек Асылбеков 7 ...

Читать далее »

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен үлгілі отбасыларды дәріптеу мақсатында «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» байқауының қатысушысы Бекишовтар отбасын марапаттау рәсімі өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, ҚХА жанындағы Төлеби аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары А.Османов, ҚХА жанындағы Төлеби ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР «БИ ПАДИШАСЫМЕН» КЕЗДЕСТІ

Түркістан қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен «Арманға жету жолындағы алғашқы қадамдар» тақырыбында ҚР Мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Би падишасы» атанған Ұлжалғас Мұстафаевамен кездесу кеші өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мазмұнды кештің мақсаты — эстетикалық сезім мен талғамды қалыптастыратын құдіретті би өнерін жастарға шабыт беретін рухани құндылық ретінде насихаттау. Кездесу кеші би ...

Читать далее »

«АУЫЛЫМ АЛТЫН БЕСІГІМ» ФЕСТИВАЛІ БӨРЖАР АУЫЛЫНДА

Ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Ауылым алтын бесігім” өнер фестивалі Бөржар ауылдық округінде жалғасын тапты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бөржар ауылының ардагерлері аудан орталығында болып, Темірлан монументі, Шәмші Қалдаяқов атындағы аллея, «Этноауыл», «Темірлан» спорт кешенінің құрылысы, Самал-3 мөлтек ауданындағы коммуналдық тұрғын-үй құрылысы мен Аббасов көшесі бойындағы аббаттандыру жұмыстарымен танысып, Құртай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА 3-ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде тұрақты өсім бар, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаланың қысқа мерзімді экономикалық өсімі 11,6 пайызды құрап, республика бойынша алғашқы 3-орынға көтерілген (2023 жылдың тиісті кезеңінде – 6 орынды құраған). Қаладағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты, жергілікті бюджеттің түсімдері артқан. Биыл ...

Читать далее »

АБАЙ АУДАНЫНДА «ОТБАСЫ КҮНІНЕ» ОРАЙ ОТБАСЫН ҚҰРҒАН ЖҰПҚА НЕКЕ КУӘЛІГІ РЕСМИ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Абай ауданы әкімі аппараты ұйымдастыруымен Отбасы күні қарсаңында жас жұбайларға неке қию туралы куәлігін ресми табыстау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отбасыларға неке қию туралы куәлік салтанатты табыстау рәсіміне Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлнұр Нұрбекқызы қатысты. Шаңырақ құрған жас отбасылар бақытты болсын. © Jetpisbai.kz

Читать далее »

АУДАН ӘКІМІ АТЫНАН АЛҒЫС ХАТ ПЕН СЫЙЛЫҚ БЕРІЛДІ

Тұран ауданы «8-қыркүйек Отбасы күні» мерекесіне арналған іс-шара жоспары негізінде, Тұран ауданы АХАТ бөлімінде аудан тұрғындары Қуанышбай Саян және Темірхан Бибінұрға неке қию куәлігі салтанатты түрде табысталып, аудан әкімі атынан алғыс хат пен сыйлық берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, Тұран ауданы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметкерлеріне Отбасылық қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында ...

Читать далее »

ӨҢІРЛЕРДЕН БАСТАЛҒАН «БІРЛІК КЕРУЕНІ» ЕЛОРДАҒА ЖЕТТІ

Елордада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Бірлік керуені» салтанатты іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, дүбірлі додаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары, бапкерлер, өнерпаздар және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік көшпенділер ойыны ...

Читать далее »