Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2025 (страница 23)

Годовые архивы: 2025

Қазақстан -Олимпиада жүлдегерлерін көтермелеу тәжірибесі бар санаулы елдердің бірі

Президенттің бастамасымен 2022 жылдан бастап халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына және олардың мұғалімдеріне ақшалай сыйақылар беріледі. Мысалы, халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған оқушылар ақшалай сыйақы алады: алтын медаль үшін – 1500 АЕК, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК. 2024 жылы бұл мақсаттарға 26 оқушы үшін 77,5 млн теңге және оларды дайындаған 24 педагог үшін ...

Читать далее »

Халықаралық олимпиадаларға Қазақстан атынан барған әрбір екінші қатысушы жүлделі орынмен оралды

2024 жылы Қазақстан құрама командалары әлемдегі ең беделді жеті олимпиадаға қатысты: Математика (IMO), физика (IPhO), биология (IBO), лингвистика (IOL), химия (IChO), география (IGeO) және информатика (IOI) бойынша халықаралық олимпиада. «Біздің оқушылар 26 медаль, оның ішінде 2 алтын, 12 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды, бұл өткен жылдардағы нәтижелерден едәуір асып түсті», — деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛДІ

2025 жылғы 16 қаңтардан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталды. Ақпан айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 47,9 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары 51 азаматқа табысталды. Тұрғын үй сертификаттарына ие болған азаматтардың санаттары: * I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар – 10 * Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 9 * Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – ...

Читать далее »

ӨСКЕМЕН МЕН БУРАБАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

Шымкент қаласының туристік әлеуетін насихаттау мақсатында Өскемен қаласы және Бурабай кентінде арнайы ақпараттық бұрыштар ашылды. Аталған іс-шара Шымкент қаласының туризм саласындағы мүмкіндіктерін Бурабай мен Өскемен тұрғындары мен қонақтарына таныстыруды көздейді. Ақпараттық бұрыштарда келушілер Шымкенттің тарихи және мәдени нысандары, ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, мейрамханалар мен туристік қызметтер туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, Шымкенттің гастрономиялық ерекшеліктері мен дәстүрлі фестивальдері туралы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ПАРА САДАҚ АТУДАН ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы Қажымұқан стадионында орналасқан Садақ ату кешенінде алғаш рет пара садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды. Турнирді ашқан Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков бұл жарыс елдегі пара садақ ату спортының дамуына серпін беріп, үздік спортшыларды анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ мұндай іс-шара тек спорттық жарыс қана емес, ерік-жігердің, табандылықтың және рух мықтылығының мерекесі екенін ...

Читать далее »

ОРДАБАСЫДАҒЫ ЫҚЫЛАСТЕМІР АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысында халықтың спортпен тұрақты түрде шұғылдануына қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүйелі жалғасуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Ордабасы ауданы, Бөржар ауыл округіне қарасты Ықыластемір ауылында спорт ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков қатысып, тұрғындарға ізгі тілектерін жеткізді. Салтанатты шарада ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Наурыз айындағы мерекелердің іс-шаралар жоспары, Жобалық офис платформасындағы көрсеткіштер мен жоспарлар, Ұлттық жобалар аясында жұмыс орындарын құру барысы талқыланды. Қала әкімінің орынбасары С. Құранбек мерекелік бағдарламаларды таныстырды. Наурыз айында қаламызда мәдени-бұқаралық, танымдық, ұлттық, спорттық, ақпараттық-имидждік бағытта 93 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Мегаполис басшысы халыққа айрықша мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін бұқаралық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУҒА ІРІКТЕУ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысуға ниетті оқу орталықтары мен жұмыс берушілерді іріктеу комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Үміткерлер комиссия алдында білім беру мекемелері мен жұмыс орындарының әлеуетін, техникалық базасын, оқытатын мамандықтарын таныстырды. Қысқа мерзімді білім беруге 31 жұмыс берушіден 3 042 орынға өтініш түсті. Комиссия отырысына 16 орталық қатысып, 1 299 орын ұсынды. Сонымен қатар, 4 мекеме өтінішін кері ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІ МЕН ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында 1-наурыз «Алғыс айту» күні мен Қазақстан халық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — көпұлтты оқушылардың бірлігі мен татулығын сақтап, патриоттық тәрбие беру. Мерекелік шараға Шымкент қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Арофат» мектебінің директоры Пак Роза Викторовна, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демократиялық саясат жөніндегі ұлттық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Бүгінде Шымкент қаласында жалпы көлемі 1276 га құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бұл аймақтарда 427 жоба іске асырылып, 15 мың жаңа жұмыс орны құрылуда. Оның ішінде 403 жоба жүзеге асырылып, 9 мың адам жұмыспен қамтылды. Индустриялық аймақтардың сыйымдылығы 90%-ға жетіп, қалада қосымша 1660 га аумақта 5 жаңа өндірістік аймақ құрылуда. Жоспар бойынша “Оңтүстік” АЭА 175 га, “Жұлдыз” ИА 155 ...

Читать далее »