Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 23.01.2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН «ХИКВИЖН ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Hikvision Kazakhstan» компаниясының өкілдерін қабылдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Кездесу барысында облыс басшысы өңірде ІТ және цифрландыру саласын дамытуға ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті. Нұралхан Көшеров 2026 жылы Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанын еске салып, өңірде осы бағытта білім беру мен технологиялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсетілетінін жеткізді.– Біз сіздердің ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ ЖЕРГІЛІКТІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ТҰТЫНАДЫ

Түркістан облысындағы әлеуметтік мекемелер жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтылуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен ауыл шаруашылығы саласындағы өнімдерді ішкі нарыққа өткізу мәселелері жөніндегі мәжілісте жан-жақты қаралды. Кездесу барысында өңірлік басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне әлеуметтік мекемелерді отандық өніммен қамтамасыз етуге ерекше басымдық беруге, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға тапсырма берілді. Әлеуметтік салаға ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Түркістан облысында тарихи және мәдени мұраны цифрлық форматқа көшіру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуы ұлттық бірегейлікті нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өткен болатын. Президенттің пікірінше, өз тарихы мен мәдени мұрасын цифрлық форматқа көшірген елдер ғана жаһандық өркениетте орнын сақтап, жаңа технологияларды тиімді ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев қытайлық инвесторларды қабылдап, маңызды инвестициялық жоба бойынша кездесу өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Кездесу барысында инвесторлар тамшылатып суаруға арналған құрал-жабдықтар шығаратын зауыт салу жобасын таныстырды. Бұл бастама ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізуге және су ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған. Аудан әкімінің орынбасары Б. Туребеков пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ө. Рүстемов қатысқан жиында жобаны ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖҮГЕРІ ЗАУЫТЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕСІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Күн санап дамып келе жатқан ауданымызда аудан әкімдігінің сүйемелдеуімен кәсіпкерлік саласы мемлекеттік қолдаулар мен инвесторлар есебінен серпін алуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Соңғы жылдары өңірде өндіріс орындарын ашу, тоқтап тұрған кәсіпорындарды қайта іске қосу арқылы экономиканы әртараптандыруға басымдық беріліп келеді. Бұл – жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, ауданның өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі саясаттың нәтижесі. Көп жылдан бері жұмысын ...

Читать далее »

САУРАН АУДАНЫ ӘКІМІ МАҚСАТ ТАҢҒАТАРОВ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қысқы кезеңдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан қар тазалау жұмыстарын бақылау үшін Жүйнек және Бабайқорған ауылдық округтерінде болды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Сапар барысында аудан басшысы елді мекендер ішіндегі және ауыл аралық жолдардағы қар тазалау жұмыстарының барысымен танысып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда аталған ауылдық округтерде арнайы техникалар мен ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында Сарыағаш қаласына қарасты Самал-3 шағын ауданында үш қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының барысы пысықталды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл жоба өңір тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтуға бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі саналады. Құрылыс нысанына арнайы барып, жұмыстардың барысымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты сала басшыларына құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАҒЫ ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Аудан экономикасына инвестиция тарту мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиын барысында өңірде жүзеге асырылып жатқан және алдағы кезеңге жоспарланған инвестициялық жобалардың барысы кеңінен талқыланып, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізер ықпалына ерекше назар аударылды. Инвестициялық штабтың отырысына индустриялық аймақта күнбағыс майын өндіру цехының құрылысын жүзеге асырып отырған «Аль Барака 077» ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ІРІ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНБАҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында мал шаруашылығын дамытудың стратегиялық маңызын атап өткен болатын, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Президент өз сөзінде 2035 жылға қарай әлемде ет тұтыну көлемі 233 миллион тоннаға дейін өсетінін, ал ет импорты 27 миллион тоннаға жететінін атап өтіп, Қазақстанның, әсіресе Азия нарығына сапалы ет экспорттайтын ірі мемлекетке айналуына толық әлеуеті бар екенін жеткізген ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУЫР АТЛЕТИКА ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының Келес ауданында ауыр атлетикадан жаңа жаттығу залы пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл – аудан жастары үшін спортпен кәсіби деңгейде айналысуға жол ашатын, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Жаңа нысан «Keles» спорттық-сауықтыру кешенінің базасында ашылып, жасөспірімдер мен жастардың дене дайындығын нығайтуға, олардың спорттық әлеуетін арттыруға бағытталып отыр. Жаттығу залы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Ауыр ...

Читать далее »