Түркістанда тұңғыш рет инклюзивті бағыттағы «Дара ұрпақ» театры ашылды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Театрдың ашылу салтанатында ерекше жандардың қатысуымен «Жарық» мюзиклінің премьерасы сахналанды. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен тағылымды іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, жаңа театрдың ашылуымен құттықтады. Бұл мәдени бастама өңірдегі инклюзивті өнердің дамуына тың серпін беріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған маңызды ...
Читать далее »Месячные архивы: Декабрь 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында бір рет қолданатын биоыдырайтын ыдыстар мен қаптама өндіретін заманауи зауыттың іргетасы қаланды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жобаны «PULPSTYLE» ЖШС іске асырмақ. Маңызды инвестициялық жобаның басталуына арналған салтанатты рәсімге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жаңа кәсіпорынның капсуласын салу арқылы жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді. – Облысымыз үшін әрбір инвестициялық жобаның стратегиялық маңызы зор. ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Ақбастау ауылдық округі Ақбастау елді мекенінде жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аталған нысан ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба болып отыр. Салтанатты жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев ашып, ҚР Президентінің салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында ауданда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ЛЕГІ БАСТАЛАДЫ
Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласында тұрғындар мен балаларға арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар легі ұйымдастырылады. Қала тұрғындары үшін мәдени-ойын-сауық бағдарламаларымен қатар, қысқы демалысқа арналған жаңа нысандар да іске қосылмақ. 21 желтоқсан күні сағат 19:00-де Астана алаңында қаланың басты шыршасын жағу салтанаты өтеді. Мерекелік кеште жергілікті және елімізге танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламалар ұсынылады. Аталған іс-шараға 9 189 618,63 теңге көлемінде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖҮЙЕЛІ ШЕШІЛУДЕ
Шымкент қаласында жастарды экономикалық белсенділікке тарту және тұрғындардың баспанамен қамтамасыз етілуі бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың басынан бері қалада 13 071 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Олардың ішінде 6 360 жас тұрақты бос жұмыс орындарына орналасса, 3 533 жас субсидияланатын жұмыс орындары арқылы уақытша жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындары, «Жастар ...
Читать далее »ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ БАСТЫ
Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын жаңғырту және медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның айқын дәлелі – жаңа туған нәрестелерге көрсетіліп жатқан жоғары технологиялы медициналық көмек пен қалалық ірі медициналық мекемелердің жаңартылуы. 2025 жылғы 6 желтоқсанда Қалалық перзентханада дүниеге келген ұл балаға сирек кездесетін туа біткен ақау – сарыуыз өзегінің толық жабылмауы (толық жыланкөз) диагнозы қойылды. Бұл патология ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРЕНАЛАРДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары Дубай қаласында өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрі бойынша сынға түскен 60 пара спортшының нәтижесінде жалпыкомандалық есепте VI орынға ие болды. Аталған жарысқа 45 елден 1500-ден астам спортшы қатысып, тартысты дода 10–14 желтоқсан аралығында өтті. Бұл халықаралық жарыста Шымкент қаласынан 3 спортшы ел намысын қорғап, жоғары нәтижелер көрсетті. Голбол спортынан ...
Читать далее »ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» ШИПАЖАЙЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
Шымкент қаласында зейнеткерлердің денсаулығын нығайту және өмір сапасын жақсарту мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті зейнеткер» шипажайы қызмет көрсетіп жатыр. Бозарық шағынауданында орналасқан 120 орынды сауықтыру кешенінде зейнеткерлер 10 күн бойы 25 түрлі емдік процедурадан өту мүмкіндігіне ие. Шымкент қаласында орналасқан «Ізетті зейнеткер» шипажайы зейнеткерлердің денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Бұл шипажайдың қызметі тек дене ...
Читать далее »ҚАЛА АУДАНДАРЫН ЖАҢА ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КӨРІНІСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ІСКЕ АСАДЫ
Шымкент қаласында Жаңа жыл мерекесіне орай Әл-Фараби және Абай аудандарында ауқымды мерекелік безендіру жұмыстары ұйымдастырылмақ. Әл-Фараби ауданында мерекелік шараларға 21,5 млн теңге бөлініп, мердігер мекеме – «INNOVA BUILD» ЖШС жұмысқа кірісетін болады. Аудан аумағында басты шырша, «Арбат» демалыс аймағы, Әл-Фараби алаңы және Орыс драма театрының алдында мерекелік элементтер орнатылады. Арбат аймағында жаңа шырша тұрғызылады, жарықдиодты шамдар мен кіші сәулеттік пішіндер ...
Читать далее »ТҰРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК БЕЗЕНДІРУ ЖӘНЕ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
Тұран ауданында 2025 жылғы жаңа жыл мерекесіне орай мерекелік безендіру жұмыстары ұйымдастырылады. Аудан аумағының басты шыршасы «Абай» саябағына орнатылып, орталық алаңдар мен аллеялардағы ағаштар жарықдиодты шамдармен және архитектуралық кіші пішіндермен (мафтар) безендірілмек. Мерекелік безендіру жұмыстарын «Қарағанды Көркем» ЖШС жүзеге асырады. Биылғы жылы аудан аумағын безендіруге 17 621 581 теңге бөлінген. 2024 жылдан қалған 8 элемент жаңартылып, қосымша 16 жаңа элемент, ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары