Бүгінгі жұмыс сапары барысында Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев жауапты сала мамандарымен бірге Састөбе кенті мен Машат ауылына барып, бұған дейінгі аралау кезінде берілген нақты тапсырмалардың орындалу барысын көзбен көріп, бақылаудан өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Сапардың негізгі мақсаты – инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақтылы жүзеге асуын қамтамасыз ету, тұрғындарды толғандырған мәселелердің нақты шешімін табуына ықпал ету болды. Аудан ...
Читать далее »Месячные архивы: Январь 2026
ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Мегаполисте 1 ай бұрын дүниеге келген үшемдер бүгін үйіне шығарылды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл қуанышты жаңалық Шымкент қаласының медицина саласындағы жүйелі жұмыстың, дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің нақты нәтижесін айқындап отыр. Ауыр жағдайда босанған ана мен перзенттері бір айдан астам уақыт бойы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, қажетті медициналық көмектің барлығын алды. 2025 жылғы 28 қараша күні Айгерім есімді жас ана жоспарлы ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 2,5 МЛРД ТЕҢГЕЛІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛУҒА ЖАҚЫН
Келес ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Али Бектаев, Мұрат Қадырбек және Әлішер Сатыбалдиев, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев арнайы жұмыс сапарымен келіп, Жүзімдік елді мекенінде салынып жатқан минералды су зауытының құрылыс барысымен танысты,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Сапар барысында халық қалаулыларына зауыттың қазіргі жай-күйі, атқарылған жұмыстар және жобаның алдағы кезеңдері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Қазіргі таңда нысанның ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЗАМАНАУИ ТҰҚЫМБАҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысында тұқымбақтардың көлемін ұлғайту, климаттық жағдайды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Өңірді көгалдандыру, экологиялық ахуалды жақсарту және жасыл желектер санын арттыру мақсатында Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, жаңа әуежай тасжолының бойында жалпы аумағы 10 гектарды құрайтын заманауи орман тұқымбағы салынуда. Жасыл белдеуде тұқымбақ құру жобасының тапсырыс берушісі ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАНУАРЛАРҒА ЧИП САЛУ АРҚЫЛЫ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ЦИФРЛАНДЫРЫЛУДА
Түркістан облысында ветеринария саласын цифрландыру бағытында нақты қадамдар жасалуда,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Шаға ауылдық округінде іске асырылып жатқан «Ветеринария саласын цифрландыру» пилоттық жобасымен танысты. Бұл жоба жануарларды чиптеу арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын толық әрі нақты есепке алу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған. Аймақ үшін маңызы зор ...
Читать далее »САЛЫҚ ТҮСІМІ – 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ: ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БЕТБҰРЫСЫ
2025 жылғы салық түсімдері Түркістан облысының экономикалық моделіндегі сапалық өзгерісті айқын көрсетті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Өңір тарихында алғаш рет 1 триллион теңгеден астам салық түсімі жиналып, бұл көрсеткіш аймақ экономикасының жаңа деңгейге көтерілгенін дәлелдеді. Сарапшылар мұны жүйелі әрі ұзақмерзімді экономикалық саясаттың, сондай-ақ мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен жауапкершіліктің нақты нәтижесі ретінде бағалап отыр. Бұл жетістік Түркістан облысының экономикасы көлеңкелі айналымнан ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНДА ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысындағы автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстау жұмыстары күшейтілді,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Облыс аумағындағы жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды. 2025–2026 жылдардағы қысқы маусымда облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерін уақтылы қардан тазалау, көктайғақтың алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар қолға алынған. Аталған жұмыстарға жалпы 330 арнайы техника мен 1155 жұмысшы жұмылдырылады. Бұл ...
Читать далее »ҚАЛА БЮДЖЕТІНІҢ ИГЕРІЛУІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ КОНКУРСТАРЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат отырысы өтіп, онда 2025 жылға арналған қала бюджетінің игерілу қорытындылары жасалды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Кеңейтілген жиынға қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан әкімдері мен жауапты сала өкілдері қатысып, қаржы тәртібі мен алдағы жоспарларды нақтылау мәселелерін жан-жақты талқылады. Аппарат отырысының негізгі мақсаты – өткен жылдағы бюджеттің орындалу барысын саралау және 2026 жылға арналған ...
Читать далее »ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Маңызды кездесуде облыс аумағында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, екіжақты әріптестікті нығайту және ұзақмерзімді ынтымақтастық орнату мәселелері жан-жақты талқыланды. Аймақ басшысы инвесторларға Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттарды таныстырып, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасалып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар облыс әкімдігі тарапынан инвесторларға ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары