Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2025 » Декабрь (страница 22)

Месячные архивы: Декабрь 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ЖӘНЕ ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Құмкент ауылдық округінде әлеуметтік және спорттық нысан ашылып, тұрғындар қос бірдей қуаныштың куәсі болды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Алдымен жабық үлгідегі кіші футбол алаңының ашылу салтанаты өтіп, одан кейін «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» орталығы ресми түрде есігін айқара ашты. Шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, жаңа орталықтың жұмысымен танысты. Аудан басшысы өз сөзінде әлеуметтік қолдау бағытындағы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне қатысты комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиынға құқық қорғау органдары, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдері, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты. Күн тәртібінде төрт негізгі бағыт қаралды. Алдымен Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұрәділ Ерман қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІРҚАТАР ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Кезектен тыс сессия ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін өзекті мәселелерді жедел қарау мақсатында ұйымдастырылды. Жиын барысында жергілікті басқару органдарының тиімділігін арттыру, бюджет қаражатын оңтайлы пайдалану ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бәйдібек ауданы аумағында аса қауіпті зиянкестердің бірі – морокко шегірткесіне қарсы алдын алу және залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Ауыл шаруашылығы дақылдары мен жайылым алқаптарына айтарлықтай қауіп төндіретін бұл зиянкеске қарсы шаралар ерте бастан қолға алынған. Мамандардың айтуынша, морокко шегірткесі дер кезінде жойылмаса, егін мен мал азығына елеулі зиян келтіріп, шаруалардың еңбегін зая кетіруі мүмкін. Осыған ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі штаб отырысы өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Нұрпейіс Ақбаевтың төрағалығымен өткен маңызды жиынға штаб мүшелерімен қатар, сала мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы кезеңге нақты міндеттерді айқындау болды. Күн тәртібінде штабтың ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН АРАЛАП, ТЕКСЕРДІ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбек Қаратау ауданындағы Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында салынатын жолайрық құрылысының жобасымен танысты. Жоба көлік жүктемесін азайтуға, өткізу қабілетін арттыруға және жол қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған. Жолайрық құрылысы аяқталғаннан кейін көлік ағымы оңтайланып, жолдағы уақыт қысқарады және жол қозғалысына қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Сонымен қатар, тасымал инфрақұрылымын дамыту аясында Шұбаркөл көшесінің Өтегенов көшесінен Қазиев ...

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕР АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі және Қоғамдық кеңесінің мүшелері бірлесе қала аумағында жүргізіліп жатқан бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралау және жұмыс барысымен танысу іс-шарасы өтті. Кенжехан Төлебаев бастаған қала ардагерлері, зиялы қауым өкілдері маңызды жол құрылыстары және бірқатар әлеуметтік нысандармен танысты. Көпшілік алдымен Қонаев даңғылы жалғасының 2-кезеңі бойынша атқарылған жұмыстарды аралап көрді. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ САЗЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында ұлттық музыканың дамуына серпін беріп, қазақ эстрадасына жаңа есімдерді танытуды мақсат еткен «Шымкент сазы» республикалық ән байқауы өз шымылдығын түрді. Байқау жас таланттарға кәсіби сахнаға жол ашып, өңірлердегі өнерпаздардың шығармашылығына қолдау көрсетуді көздейді. Байқау аясында бүгін «Қызғалдақ» сарайында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Жиында қазылар алқасының толық құрамы таныстырылып, байқауға қатысты сұрақтарға жауап берілді. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАРА ШАҢЫРАҚ»ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ӨНЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні  мерекесіне орай  «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен алғаш рет «Қара шаңырақ» қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті. Аталған көрмеге қаламыздағы 20-дан астам шеберлер қатысты. Ұлттық қолөнер көрмесінің негізгі мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі өнерін насихаттау, ұлттық мәдени мұраны сақтау, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу және қазіргі заманға бейімдей отырып дамыту. Іс-шараға Шымкент қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Амзеева, Ассамблея ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ 28 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. – Мемлекет басшысы білім мен адами капиталды дамыту – экономикалық өсудің негізгі тірегі екенін атап өтті. Осы бағытта облыста нақты әрі жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Білім беру жүйесінде мектеп тапшылығын шешу мақсатында Президентіміздің бастамасымен «Келешек мектептері» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 23 мың ...

Читать далее »