Ауданға инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасы аясында Жетісай ауданында аумағы 59 гектарды құрайтын «Жетісай» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ пен 1 гектар жерге өндірістік парк құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Осыған орай аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытов аталмыш аймақтардың инвесторларымен арнайы кездесу өткізіп, іске ...
Читать далее »Месячные архивы: Декабрь 2025
ШЫМКЕНТ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНЕ 30 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс бабымен қаланы аралау барысында жедел медициналық жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық автокөліктің кілтін табыстады. Мегаполис басшысы медицина ұйымдары мен шұғыл қызметтердің материалдық-техникалық базасын жаңарту әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі екенін айтты. Жедел жәрдем автопаркін жаңарту – халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттырудағы маңызды қадам. «Біздің басты міндетіміз – қала тұрғындарын ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «ЦИТАДЕЛЬ» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Цитадель» деректі фильмінің салтанатты көрсетілімі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қала тұрғындарын Ұлы Отан соғысы жылдарында Брест қамалын қорғаған, Шымкент қаласының тумасы Қасым Жарменовтің ерлік жолымен таныстыру, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығы мен ортақ тарихи жадының маңызын терең ұғындыру болды. Көрсетілімге жиналған қонақтарды әскери бөлімнің оркестрі қарсы алып, ғимарат фойесінде соғыс жылдарының әуендері мен қазақтың халық музыкасы орындалды. ...
Читать далее »30 новых санитарных автомобилей переданы службе скорой помощи Шымкента⠀
Сегодня аким Шымкента Габит Сыздыкбеков в ходе рабочего объезда вручил ключи от 30 новых санитарных автомобилей городской службе скорой медицинской помощи.⠀ Как отметил глава мегаполиса, обновление материально-технической базы медицинских организаций и экстренных служб остаётся одним из приоритетных направлений работы акимата. Обновление автопарка скорой помощи является важным шагом в повышении качества и оперативности оказания экстренной медицинской помощи населению.⠀ Новые санитарные автомобили ...
Читать далее »«БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында ауыл шаруашылығын жаңғырту мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұлттық басымдықтардың бірі ретінде атап келеді. Осы стратегиялық міндеттерге сәйкес, Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, қайта өңдеу үлесін арттыру және өндірістік қуаттарды кеңейту бағытындағы ірі жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл бастамалар ауыл шаруашылығы саласына ...
Читать далее »БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ САНЫ 209-ҒА ЖЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудан-қала әкімдерінің орынбасарларымен арнайы мәжіліс өткізіп, жетекшілік ететін салалар бойынша орындаушылық тәртіпті жан-жақты талдады , – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиын барысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы сараланып, нақты көрсеткіштер мен кемшіліктер назарға алынды. Облыс аумағында экологиялық және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда 9 ...
Читать далее »ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МЕН ШАРУАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Шардара аудандық мәдениет үйінде өткен «AGROFEST Шардара – 2025» мерекелік іс-шарасында ауыл шаруашылығы саласында аянбай еңбек етіп жүрген үздік шаруалар мен сала мамандары марапатталды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты жиында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев аграрлық салада жоғары нәтижелерге қол жеткізген еңбеккерлерге алғысын білдіріп, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Аудан басшысы ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «КОНГРЕСС ХОЛЛ» КЕШЕНІНІҢ 5 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ
Түркістан қаласының мәдени өмірінде маңызды орын алатын «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің 5 жылдық мерейтойына арналған «Белесті 5 жыл» атты салтанатты концерттік бағдарлама көрермендер назарына ұсынылды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. 2020 жылдың 28 қыркүйегінде есігін айқара ашқан кешен осы уақыт ішінде республикалық және халықаралық деңгейдегі жүздеген мәдени, қоғамдық және іскерлік іс-шаралардың тұрақты өткізу алаңына айналды. Бес жыл ішінде «Конгресс Холл» Түркістанның ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МӘМС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ
Түркістан қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің орындалу барысын талқылауға арналған жұмыс мәжілісі өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиынға қала әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол төрағалық етті. Мәжіліске жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, ішкі саясат, жастар саясаты, денсаулық сақтау саласы, мемлекеттік кірістер және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ жеке меншік медициналық орталықтардың басшылары қатысты. Бұл басқосу қала тұрғындарын МӘМС жүйесімен ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Шолаққорған ауылында жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жеткіншек шағын ауданында бой көтерген 16 пәтерлі, 2 қабатты тұрғын үй апатты жағдайдағы баспаналарда тұрып келген 16 отбасын жаңа қоныспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл жоба тұрғын үй мәселесін кезең-кезеңімен шешуге бағытталған нақты қадамдардың бірі ретінде бағаланып отыр. Аталған тұрғын үй құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары