Желтоқсан айының басында Шымкент қалалық перзентханада дүниеге келген ұл балада сирек кездесетін туа бітті ақау – сарыуыз өзегінің толық жабылмауы (толық жыланкөз) анықталды. Бұл жағдайда ішек пен кіндік арасындағы өзек өздігінен жабылмайды, сондықтан, шұғыл хирургиялық көмек қажет. Нәресте өмірінің бесінші тәулігінде оның сарыуыз өзегінің толық жыланкөзін алып тастау бойынша күрделі операция жасалды. Ота сәтті өтіп, ерте отадан кейінгі күрделі кезеңге ...
Читать далее »Месячные архивы: Декабрь 2025
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ: КӨКСАЙДА 20 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ҚОНЫСТАНДЫ
Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкент қаласында тағы бір қуанышты оқиға орын алды. Қаланың Көксай аумағын жаңғырту тұжырымдамасы аясында 20 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды. Мерекелік шарада қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұрын Транспорт көшесі, 5 және Нұрлыбаев көшесі, 2 мекенжайларында тұрған тұрғындарға заманауи пәтерлерді салтанатты түрде табыстап, қоныстой иелерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қала басшысы тұрғындарға мықты денсаулық, отбасына береке-бірлік және жарқын ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ҚАЗЫҒҰРТ» КЕДЕН БЕКЕТІ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
▪️Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті ашылды. Нақтырақ айтқанда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қазығұрт» және Түркіменстанмен шекарада орналасқан «Темір баба» заманауи технологиялық өткізу пункттері пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған тапсырмасын іске асыру жөніндегі жүйелі әрі стратегиялық қадам. ▪️Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылында орналасқан «Қазығұрт» өткізу бекетінің ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кезекті аппараттық мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. ↪️ Мәжіліс барысында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Райымбеков инвестиция тарту жұмыстары жөнінде баяндама жасап, ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы кеңінен ...
Читать далее »ОТЫРАРДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 МЫҢ КӨШЕТ ЕГУГЕ НИЕТТІ
Отырар ауданында туған жерді түлетуге бағытталған тағылымды бастама жүзеге аса бастады. Көксарай ауылында жастардан бастап жасы 70-ке келген қарияларға дейін ауылды көркейту ісіне бір кісідей жұмылып, елді мекеннің экологиялық ахуалын жақсартуға атсалысуда , – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда ауылға кіреберістегі күре жол бойына көшет отырғызылып, қоршау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨТКІЗУ ПУНКТТЕРІ АШЫЛДЫ
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қазығұрт» және Түркіменстанмен шекарада орналасқан «Темір баба» пункттері. Аталған нысандардың ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде өткенін айта кету керек. Бұл бастама еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға және халықаралық жүк ...
Читать далее »САЙРАМДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Сайрам ауданына қарасты ауылдық аймақ тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімді әрі жедел көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында тағы бір маңызды әлеуметтік жоба жүзеге асты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарамұрт елді мекенінде «Азия Фаворит» медициналық орталығы салтанатты түрде пайдалануға берілді. Аталған орталықта тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін медициналық ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА «БӨРТЕ» ӘЙЕЛДЕР САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҚ МЕКТЕБІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан қаласында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен «Бөрте» әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жоба – әйелдер мен қыз-келіншектердің бастамашылдығын қолдауға, олардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды алаң. Салтанатты ашылу рәсіміне «AMANAT» партиясының хатшысы, Әйелдер қанатының төрайымы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынды партияның облыстық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Үмбеталиев ашып, жүргізді. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасының орындалу барысы, орындалмай қалу қаупі бар нысандар және партия жанындағы ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жетісай ауданында тағы бір қуанышты жаңалық тіркелді. Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Жаңа ауыл елді мекені табиғи газға қосылып, тұрғындар көптен күткен көгілдір отынның игілігін көре бастады , – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы, Жетісай ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде аудандағы 105 елді ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары