Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2025 » Декабрь (страница 10)

Месячные архивы: Декабрь 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ САЙ БЕЗЕНДІРІЛДІ

Келес ауданындағы білім беру ұйымдарында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылып, оқу кабинеттері мерекелік безендірілуде,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл бастамалар жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезім мен ұлттық рухты сіңіруге бағытталған. Соның жарқын үлгісі ретінде Келес ауданы білім бөліміне қарасты №9 «Көлтоған» жалпы білім беретін мектебін атап өтуге болады. Аталған мектептің 6 «ә» ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МИНЕРАЛДЫ СУ МЕН СУСЫНДАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев Жүзімдік елді мекеніндегі минералды су зауытының құрылыс барысымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жұмыс сапары барысында аудан әкімінің орынбасарына инвесторлар тарапынан жобаның жауапты өкілі Төлеби Махамбетұлы өндіріс орнының қазіргі ахуалы мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, жобаның жүзеге асу кезеңдері мен алдағы жоспарларын талқылады. Аталған зауыт – аудан экономикасын әртараптандыруға ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕМЕС ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН 200 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Биыл Түркістан облысының спортшылары олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен 200 медаль қоржынға салды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жыл қорытындысы бойынша облыстық Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары 78 алтын, 56 күміс және 66 қола медаль жеңіп алып, өңір абыройын республикалық және халықаралық ареналарда асқақтатты. Бұл көрсеткіш Түркістан облысында спорт саласына көрсетіліп отырған жүйелі қолдаудың, сондай-ақ бапкерлер мен спортшылардың тынымсыз ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ҮЙЛЕРІН БЕЗЕНДІРГЕН

Түркістан қаласында ҚР Тәуелсіздік күніне орай тұрғындар тарапынан тағылымы терең, мәні зор мерекелік бастама қолға алынды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Айтулы мерекеге орай қала тұрғындары елдік рухты көтеретін, патриоттық сезімді айшықтайтын ерекше іс-шаралармен көзге түсіп отыр. Соның бірі – Түркістан қаласындағы 1-мөлтек ауданында орналасқан №3 көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының бастамасы. Олар өз үйлерін мемлекеттік рәміздермен, көк Ту бейнеленген элементтермен ...

Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Жетісай ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінде аудандағы 105 елді мекеннің 92-сі көгілдір отынмен қамтылып, газ пайдаланушы елді мекендердің үлесі 87,7 пайызға жетіп отыр. Бұл көрсеткіш аудан халқының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған кешенді инфрақұрылымдық саясаттың нақты нәтижесін аңғартады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тұрғындардың өмір сүру ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП ЖАТЫР

Түркістан облысы, Сауран ауданында елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Атап айтқанда, бүгінде ауданға қарасты Мәшһүр Жүсіп елді мекенінің тұрғындарын таза ауыз сумен үздіксіз қамту мақсатында қосымша су ұңғымасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ауылда қазіргі таңда 129 тұрғын үй орналасқан, жалпы халық саны – 1 127 адам. Елді мекендегі ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін көтеруге, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған «Еңбек» фотокөрмесі мен Инновациялық Хакатон ұйымдастырылды. Аталған шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасы аясында өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға университет ректоры Жанар Темірбекова қатысып, оқу орнының тұрақты ...

Читать далее »

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

2025 жылғы 15 желтоқсанда сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қала және аудандық мәслихат төрағалары, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. ...

Читать далее »

САРЫАҒАШТА ШАЛҒАЙ АУЫЛДАР ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау, Жылға және Дарбаза ауылдық округтеріндегі бірқатар шалғай елді мекендер орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Бұл әлеуметтік маңызы зор жоба мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудандық мәслихат ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА 300 МВТ ҚУАТТЫ КҮН СТАНЦИЯСЫ САЛЫНУДА

Түркістан облысы Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде қуаты 300 МВт болатын ірі күн электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды. Ауқымды жобаның басталуына орай уақыт капсуласын салу рәсімі өтіп, өңір үшін маңызы зор бастамаға жол ашылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған жоба Түркістан облысындағы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған ең ірі бастамалардың бірі ...

Читать далее »