Ордабасы ауданының халқына сапалы медицинаның қол жетімділігін қамтамасыз ету, аурудың алдын алу үшін бейінді мамандар «Жылжымалы медициналық кешен» (ЖМК) арқылы Бөржар ауылының тұрғындарын медициналық профилактикалық тексеруден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Жылжымалы медициналық кешенде флюорография (ФЛГ), электрокардиография (ЭКГ) ультрадыбыстық зерттеулерден (УДЗ) өткізу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар офтальмолог, лор, гинеколог, стоматолог, хирург, УДЗ дәрігерлерінің кеңесі халыққа өз пайдасын тигізуде. Ауыл тұрғындары аталған көмектің ...
Читать далее »Годовые архивы: 2023
Шымкент: «Базарқақпа» тұрғын алабындағы кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін өзгертуге айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек. Ғимараттардың сыртқы көрінісі және ішкі инфрақұрылымының қызметі азаматтардың көңілінен шықпайды, елімізді шетелдіктердің алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырады», деп айтып өткен болатын. Осы ...
Читать далее »«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында «Үкімет жүйесіз бағдарламалар қабылдау тәжірибесін тоқтатып, тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін әзірлеуі қажет», деп айтып өткен болатын. Осы тапсырма негізінде Шымкент қаласында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізінде тұрғын үйлердің жалпы аумағын ұлғайту мақсатында тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру жоспары бекітілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі ...
Читать далее »Артериалды гипертензияны амбулаторлы деңгейде емдеу» тақырыбында семинар өтті
Ордабасы аудандық орталық аурухананың кардиолог дәрігерлері Л.Ж.Сарбасова мен Х.К.Зуфтарова «Артериалды гипертензияны амбулаторлы деңгейде емдеу» тақырыбында жалпы тәжірибе дәрігерлеріне, аймақтық медицина қызметкерлеріне семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.. АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯ Артериалды гипертензия (АГ, гипертония, гипертониялық ауру) – артериалды қан қысымының тұрақты немесе қайталама жоғарылауымен сипатталатын жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруы. Эссенциалды, яғни үдемелі, генетикалық шартталған және бүйрек аурулары, эндокринді бұзылыстар, күйзеліс, ...
Читать далее »Туберкулез жөнінде 7 аңыз және ақиқат
Ордабасы ауданы Төрткүл ауылына қарасты Қызылжар, Бөген, Қ.Сыпатаев, Б.Төлепбаев, Төрткүл жалпы орта мектептерінің оқушыларына мектеп мейірбикелері Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында “Біз Туберкулезді жеңе аламыз” атты лекция, дөңгелек үстел, семинарлар өткізілді. Түсіндірме жұмыстары слайдтар, плакаттар, үнпарақтар арқылы жүзеге асты. Кері байланыс ретінде сауалнамалар жүргізілді. Оқушылар жас санаттарына қарай «Туберкулез” тақырыбында диктант жазды. № 1 Аңыз: туберкулезбен тек әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен ...
Читать далее »ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» Жолдауында еліміздегі азық-түліктің бағасының негізсіз өсуін сынға алған болатын. «Қазақстанның аграрлық әлеуеті туралы көп айтылады. Дегенмен АӨК саласында мәселе аз емес. Алдымен ол жөнсіз бағаның өсуі мен тауар өнеркәсібі жұмысын дұрыс үлестіру. Мен бұған дейін елімізде көтерме үйлестіру желісін құрудың маңыздылығы туралы айтқан болатынмын. Бұл міндет жүзеге ...
Читать далее »ЖҰМЫССЫЗДАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ҰСЫНЫЛДЫ
ҚР Президенті «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады», деа атап өткен болатын. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: АУДАНДАРДА РЕТСІЗ САУДАМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Шымкент қаласы Тұран ауданында «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» қағидатын басшылыққа алып ретсіз орналасқан сауда орындарын жою мақсатында заңсыз дүңгіршектер мен ретсіз сауда орындарымен күрес жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда мамандар тарапынан 10 сауда орны анықталды. Атап айтқанда, ретсіз сауда орындары «Жабық базар» аумағында 1 май көшесі, «Автонұр базары» бойындағы Мақталы көшесі, «1000 ұсақ түйек» базары маңындағы Зерделі көшесі бойында орналасқан. ...
Читать далее »Шымкент: Құрсайда жаңадан салынып жатқан емхана келесі жылы пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық саласына баса мән берді. Ол: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек», деп атап өтті. Шымкент қаласы Құрсай шағын ауданында 450 адамды ...
Читать далее »1 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БӨБЕКТЕРДІҢ 96,7 ПАЙЫЗЫ ПРОАКТИВТІ СКРИНИГТЕН ӨТКЕН
Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық саласына баса мән берді. Ол: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек», деп атап өтті. «Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары