Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2023 (страница 72)

Годовые архивы: 2023

Шымкентте гарнизондық тарату өтті

Ішкі істер министрінің нұсқауымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков жеке құрам қызметкерлері арасында гарнизондық тарату өткізді. Мегаполистің әкімдік ғимаратының алаңына Полиция департаментінің тәуліктік нарядқа түсетін барлық сақшылары түгел жиналды. Мұндағы мақсат — полицейлердің қызметтік міндетті атқару үшін қаншалықты талапқа сай екенін тексеру, олардың құжаттары мен құрал-жабдықтарын және сыртқы келбеті мен нысанды киім үлгісін жіті назарға алып, кемшіліктер кездессе ...

Читать далее »

Болашақ медицина қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу жұмыстарына ат салысуға ниетті

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Халқына жолдауында айтылған бастамаларға сәйкес, ішкі істер органдарының қызметкерлері өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жалпы ел аумағында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті оқу жылы барысында қаламыздың барлық білім беру мекемелерінде, оның ішінде мектептерде, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында ...

Читать далее »

Шымкентте «Тарихи тұлғалар: ұлттық тәрбие және сабақтастық» атты республикалық форум өтті

Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған республикалық форумға Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев қатысты. Баяндама барысында спикер құқыққа қайшы әрекеттерге баруға студенттің де, оқытушының да мүмкіндігі мен ниеті болмайтындай жағдайлар жасау қажеттігін атап өтті.  Бұл ретте Академиялық адалдық негізгі қағидаға айналуы керек. Сондай-ақ форумға қатысушылардың назарын жоғары білім беру саласында ашықтық пен парасаттылықты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ПОЛИЦИЯСЫ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАЙДЫ!

Жастар арасында нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастырып, есірткі қылмысына жол бермеу мақсатында Шымкент полицейлері жасөспірімдер арасында челлендж бастады, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Өз кезегінде, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков №75 мектеп-гимназиясының оқушыларымен челлендж түсіріп, «Есірткіге қарсымыз!» ұранын қолдады. Оның мақсаты — қоғамды біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың есірткі зияны жөнінде хабардарлығын арттыруға және балалардың, ...

Читать далее »

РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына арнаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында  «Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде.  Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі  10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып  жатыр.  Есірткіні, ...

Читать далее »

НЕВРОПАТОЛОГ-ДӘРІГЕРЛЕРГЕ «ЭПИЛЕПСИЯ МЕКТЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ

Шетелдік ғалымдардың және Түркия мен Қазақстанның жетекші эпилептолог дәрігерлерінің қатысуымен «Эпилепсия мектебі» тақырыбындағы халықаралық семинар өткізілді. Семинарға Қазақстанның барлық қалаларынан келген невропатологтар, нейрохирургтар мен нейрофизиологтар, нейровизуалистер және Түркиядан келген профессорлар қатысты. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс невропатологы, профессор Н.Жарқынбекова Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі эпилепсия бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндама жасады. Семинарда Түркиядағы және Қазақстандағы эпилепсияны емдеу мәселелері мен ...

Читать далее »

Шымкентте медициналық-санитарлық көмектің әлемдік озық практикасы енгізіледі

Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық саласына баса мән берді. Ол: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек», деп атап өтті. Шымкентте денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударылып ...

Читать далее »

«Шымкент жастар лигасы»: Баскетболдан ширек финал басталды

«Шымкент жастар лигасы» биыл үшінші жыл дәстүрлі түрде өтіп жатыр, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Мектеп оқушылары волейбол, шахмат, футбол, баскетболдан сынға түсуде. Солардың ішінде бүгін баскетболдан ширек финал басталды. Аталған жобаның мақсаты — Шымкентте бұқаралық спортты дамытып, жастар арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінен аулақ болуын, алкогольге тәуелділік, темекі шегугдің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. – Жоба мектеп ...

Читать далее »

Шымкент: «Фан-клуб спорт би» сайысының жеңімпаздары анықталды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен үшінші жыл жалғасын тапқан «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында қаламыздың жалпы орта білім беру мекемелері арасында «Фан-клуб спорт би» сайысының финалдық кезеңі өтті. Аталған жобаның мақсаты — Шымкентте бұқаралық спортты дамытып, жастар арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінен аулақ болуын, алкогольге тәуелділік, темекі шегугдің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. — Аталған ...

Читать далее »

Шымкентте 930 мыңнан астам адам МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Президент болашаққа бағытталған байыпты бағдарлар қатарында денсаулық сақтау саласына да айрықша назар аударды. Осы орайда Мемлекет басшысы «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру ...

Читать далее »